The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Мектеп есепшісі 76 млн теңге жымқырып қойған

Мектептің есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысында прокурорлар облыс орталығының жалпы білім беретін мектептерінің бірінде 76 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырғанын анықтады.

Штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген мектептің бас бухгалтерінің тиісті және іс-жүзінде төленген жалақысының арасындағы айырмашылық анықталды, — делінген Маңғыстау облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Аталған факті бойынша прокурорлармен қылмыстық іс қозғалып, тергеу ЭТД-не тапсырылды.

Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толықтай мойындады.

Сот үкімімен кінәлі адам Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында 1200 орындық жаңа мектеп пен тағы үш әлеуметтік нысан салынады

admin

ШЫМКЕНТ: Республика даңғылын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары аяқталуға жақын

admin

ШЫМКЕНТ: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы идеологиялық платформа ретінде» тақырыбында семинар-тренинг өтті

admin