The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Абай облысында тағы өрт

Өртті жедел жоюға жәрдем көрсету мақсатында Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

4 тамызда сағат 15:30-да ТЖМ Абай облысындағы бөлімшелеріне Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Әуеден барлау және су төгу құрылғысын пайдалана отырып, өртті сөндіру үшін ТЖМ Қазавиақұтқару және Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары жұмылдырылды, — делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта ТЖМ мен орман шаруашылығының тартылған күштері мен құралдарының саны шамамен 130 адам және 25  техника.

Астана қаласы мен Қарағанды облысынан күштер мен құралдары өрт орнына қосымша жіберіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Рамазанның алғашқы аптасында 5 мыңнан аса отбасыға көмек көрсетілді

admin

Астанада 207 қоқыс үйіндісі жойылды: айыппұл 7 млн теңгеге дейін өсті

admin

Сот жүйесіндегі ірі реформа: Енді кассация азаматтарға қалай жұмыс істейді?

admin