The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Полиция қызметкері қағып кеткен әйел ауруханада көз жұмды

Шымкентте тәртіп сақшысы қызметтік көлікпен қағып кеткен әйел ауруханада көз жұмды.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел азаматы шұғыл түрде №1 клиникалық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Науқастың бас миында ауыр жарақат және соққы салдарынан ісік пайда болған. Ақ халаттылар пациенттің өмірі үшін күрескенімен, жарақаттың ауырлығына баланысты оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Еске салсақ, 3 тамыз сағат 17.00 шамасында Байтұрсынов көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолағында жол-көлік оқиғасы болды. Тұран аудандық ПБ полицейі қызметтік көлікпен анасы мен оның кәмелет жасына толмаған қызын қағып кеткен болатын.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 345- 2-бөлігі бойынша іс тіркелді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Кентау қаласын дамыту жұмыстары жалғасады

admin

“Күннен электр қуатын алу”: Қазақстанның оңтүстігіне электр энергиясы қалай жетеді

admin

Түркістан: тәжірибе алмасу алаңы слетінде командалар арасында эстафеталық жарыс өтті

admin