The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

4 күн бұрын жоғалған ресейлік туристің денесі табылды

Бүгін Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның денесі табылды.

«Алдын ала дерек бойынша, ол төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист. Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен болатын.Таудағы климаттың күрделілігіне, тау маршрутының ерекшеліктеріне, тастың құлауына және жартасты рельефке қарамастан іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Табылған ер адамның жеке бас деректері анықталуда», — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық туристі құтқарады. Биылғы жылдың басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылды.

ТЖМ тауға жалғыз шықпауды ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар

Әйтенов Шымкентті қауіпсіз қала ету үшін жаңаша реформа әзірлеуді тапсырды

admin

Түркістан: Д.Сатыбалды: «Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыруда табандылық керек»

admin

Шымкент: Адырбеков көшесінің құрылысы 82 % орындалған

admin