«ДАЛА СЕМИНАРЫ» мегаполис агросекторы

0

Бүгін Алтынтөбе тұрғын алабында өткен «Дала күні» көшпелі семинарында ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен жергілікті шаруа қожалықтарының өкілдері саланы дамыту бағытында пікір алмасты.

Агросектордағы озық тәжірибелер талқыланған жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері қарастырылған басқосуда үй іргелік жерлерді бақшаға пайдалану әдісі, сол арқылы халықтың табысын арттыру тетіктері пысықталды. Сондай-ақ аграрлар озық технологиялармен көкөніс дақылдарын өндіру, биогумустан тыңайтқыш дайындау технологиясы, тамшылатып суғару әдістеріне қатысты кластерлі жобалар тақырыбында пікір алмасты.

Бүгінде мегаполисте

Мемлекет басшысы

Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді жобалары жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 91 кластерлі жобаның тізімі бекітіліп, 62 жоба іске асырылды. Құлпынай, ащы бұрыш, көкөніс өсіру, мал бордақылау, бал ара шаруашылығы, балық шаруашылығы бағытындағы жобалар қазірден тиімділігін көрсетуде.

«Бүгінде қаламызда «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Ұлттық жобасы» аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатындағы кешенді шаралар өз нәтижесін беруде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл сайын егістік алқаптардан жиналатын өнім көлемі де артып келеді. Кешенді шаралар қала тұрғындарының тұрмысын жақсартып, сапалы өніммен қамтуға мүмкіндік беруде. Бүгінгі семинар алдағы уақытта мегаполис агросекторының дамуына жол ашып, тың жобаларды жүзеге асыруға сеп болады деп сенемін» — деді М.Дүйсенбекұлы.

Ауылшаруашылығы өкілдері семинар барысында озық идеялары мен тың технологияға негізделген үздік жобаларымен бөлісті. Аграрлардың бүгінгі басқосуы саланың жетістіктері мен өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берген еркін диалог алаңына айналды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ