The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шенеунік мемлекеттік пәтерлерді арзан бағаға туыстарына үлестірген

Алматы қаласы №2 Медеу аудандық соты «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС директоры Р. Байтасовқа үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Антикордың мәліметінше, ол 4 жылға бас бостандығынан айырылған.

Байтасов 23 мемлекеттік пәтерді өзінің туыстары мен таныстарына төмен бағаға заңсыз сату арқылы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталды.

Бұл «Алматы» ӘКК» АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сырттай талдау барысында анықталған.

Мемлекетке келген залал сомасы 388 млн теңгеден асты.

Сотталушы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін көтерді

admin

Екі шымкенттік жалған шот-фактура арқылы мемлекетке 700 млн теңге салық төлемеген

admin

Шымкент қалалық емханасында практикалар орталығы ашылды

admin