74 жастағы әжей лифт шахтасына құлап қайтыс болды

0

Түркістанда 74 жастағы тұрғын көпқабатты үйдің лифт шахтасына құлап мерт болды. Оқиға 13 тамызда «Жаңа қала» мөлтек ауданында болған.

Жөндеу жұмыстарына байланысты лифтінің кабинкасы бесінші қабатқа тоқтатылған екен. 1949 жылы туған зейнеткер төменгі қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен. Ол ауруханада көз жұмды.

Облыстық Полиция департаменті зейеткердің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Бұл факт Қылмыстық кодекстің 278-бабы 2-бөлігі «Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады» делінген полиция мәліметінде.


ПІКІР ЖАЗУ