The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Бірнеше сағатта 50-ден астам есірткі жарнамасы жойылды

Шымкент полицейлері бірнеше сағатта 50-ден астам есірткі жарнамасын жойды.

Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы нашақорлықпен күрес жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. Мәселен, есірткімен күресушілер Жастар ресурстық орталығының, «Жастар Рухы» Жастар қанатының және Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес мүшелерімен бірлесіп «Есірткіге жол жоқ!» акциясын ұйымдастырды.

Шара барысында қаламыздың Әл-Фараби және Абай аудандарында бірнеше сағат ішінде 50-ден аса граффити боялып, есірткі жарнамалары жойылды.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл облысында XI-ші азаматтық форум өтті

admin

Шардара: ардагерлер президент жолдауына қолдау білдірді

admin

Қатерлі ісікпен есепте тұратын балаларға көмек

admin