The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысып, бір адам мерт болды

Жол-көлік оқиғасы 16 тамыз түнгі сағат 03:00 шамасында Абай даңғылы бойында болған. Opel Vectra автокөлігі мен Yamaha мотоциклі соқтығысқан.

Жол апаты кезінде мотоцикл тізіндеген 28 жастағы жігіт оқиға орнында қайтыс болды. Ал Opel жүргізушісі мен 3 жолаушысы (екі бойжеткен мен екі жігіт) әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің пікірінше мотоцикл тізгіндеген адам қатты жылдамдықпен келе жатқан.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің  345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында «TAZA QAZAQSTAN» платформасы сәтті жұмыс істеп тұр

admin

Алматыда желшешекпен ауыратын балалар саны 40%-ға артқан

admin

Былтыр Кентауда 180-нен астам үміткерге мемлекеттік грант берілді

admin