The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкентте төрт тәулік ішінде 70-тен астам автокөлік айып тұраққа қойылды

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полицейлер қала көшелерінде орын алған 4475 жол ережесін бұзу жайттарын анықтады. Оның ішінде, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін -758 тұлға, тізгінде отырып ұялы телефон қолданғаны үшін – 256 азамат және жол жүрісі қағидаларын бұзған -770 жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, мас күйде көлік басқарған 14 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен жауапкершілікке тартылса, тағы 74 автокөлік айып тұраққа қамалды.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары тұрғындарды жол үстінде барынша мұқият болуға және ережені қатаң сақтауға шақырады. Өйткені, жол қателікті кешірмейді.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Қазмедприбор компаниясы қазір айына 150-ден аса медициналық жабдықтарды дайындап, шығаруда

admin

Түркістан облысында ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу барысы тексерілді

admin

ТҮРКІСТАН: көкөніс өнімдерін тұтынушыларға кедергісіз жеткізу жолдары қаралды

admin