Қосшыда 17 жастағы бозбала із-түзсіз жоғалып кетті

0

Қосшыда  17 жастағы бозбала із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, 23 тамызда Қосшы қаласы полиция бөліміне жергілікті тұрғын 13.12.2005 ж. туған ұлын іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінген.

Әйел бір күн бұрын кешкі сағат 19.00-де жас жігіт дүкенге кетіп, оралмағанын хабарлады. Кәмелетке толмаған баланың ұялы телефоны өшірулі.

Туыстары полицияға жүгінді. Анасының айтуынша, бұрын жасөспірім үйден кетіп қалған жағдайлар болған, бірақ бұл жолы ол өзімен бірге жеке заттарын алып кеткен.

Сол күні өтініш тіркелді, ал полиция бөлімінің жеке құрамы мен берілген күштер кәмелетке толмағанды іздеуге кіріскен. Хабар-ошарсыз кеткен жігіт туралы ақпарат және бағдарлар Полиция департаментінің барлық аумақтық бөлімшелеріне және көршілес өңірлерге жіберілді. Іздеу шаралары жүргізілуде.

Елбрусов Сержанның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар барлық адамдарға 102 нөмірі бойынша дереу полицияға хабарлауға шақырамыз. Үйден кеткен кезінде ол ақ жолақтары бар көк түсті спорттық костюм киген және өзімен бірге «Iphone» маркалы ұялы телефон болған, — делінген хабарламада.


ПІКІР ЖАЗУ