Шымкентте 14 жастағы қыздың бауырынан 9 см эхинококк құрты шықты

0

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте 14 жастағы қыздың бауырынан 9 см эхинококк құрты алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасөспірім 21-тамыз күні ауыр халде балалар ауруханасының қабылдау бөліміне түскен. Іш ауруы симптомы мазалаған қыздв ата — анасы ауруханаға алып келген.

Дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томография тексеруінен өткізіп, бауыр тұсынан эхинококк кистасын анықтаған. Содан жедел түрде науқасқа ота жасалды.

«Баланың бауырына лапароскопия аппаратымен тіліксіз ота жасалды. Ішінен 9,4 см және 8,1 см көлемді эхинакокк құрты шықты. Пациент отадан кейін реанимацияда бақылауда болып, келесі күні палатаға ауыстырылды. Отаға аурухананың білікті балалар хирург дәрігерлері Ержан Байдуллаев пен Қайрат Ізбасов және Асанбай Құрманалиев пен Гүлжан Айдинова қатысты. Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Дәрігерлер пациентті үйіне шығаруға дайындауда» -делінген Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратта.


ПІКІР ЖАЗУ