Тәжістанның өнер жұлдыздары Шымкент сахнасын әнге бөледі
Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет және өнер күндері бүгін Шымкент қаласының Түркістан мәдениет сарайында жалғасып тапты. Жексенбілік өнер кешіне Тәжікстан Республикасының мәдениет министрі Зульфия Давлатзодамен бірге арнайы келген бір топ делегация өкілдері қатысты. Мерекелік кеште екі елдің ежелгі достығы мен бауырмалдығы құрметіне Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің ықылас гүл шоғы табыс етілді.
Тәжік ұлттық киімімен мың бұрала би билеп, шығыс әуендерін әуелеткен концертте Тәжікстан Республикасының мәдениет және өнер жұлдыздары ән шырқады. Тәжіктің ұлттық аспаптары сырнай, дутар, танбур, рубаб пен дойраның сүйемелдеуімен дәстүрлі әндері орындалды. Сондай-ақ, қазақ халқының алтын қорынан «Әгугай» әніне тәжік қыздары би билеп, эстрадалық әнші Бейбіт Қорғанның репертуранындағы «Шоқ қыздар» әнін өнер жұлдыздары жандыра, әрі қосыла орындап, сахна төрін шаттыққа көмкерді.
Осылай өнер қайраткерлері әзірлеген мерекелік салтанатты кеш Шымкент жұртшылығына керемет әсерлі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, Түркістан сарайы фойесінде тәжік халқының шығармашылығы, ұлттық киімдері, тарихи фото туындылары көрмеге қойылды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі