The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жаңбыр салдарынан су басу қаупі бар аймақтар арнайы техникалармен тазартылды

Бүгін 27 тамыз ауа-райының жауын-шашынды болуына байланысты Шымкент қаласында су басу қаупі бар аймақтарға мердігер мекемелердің техникалары шұғыл түрде жұмылдырылып, жиналған суды тарту жұмыстары әрбір аудан аумағында жылдам жүргізілуде.

Атап айтқанда, Абай ауданы бойынша “KazStroiCapital LTD” ЖШС-інің 7 арнайы техникасы, 6 мотопомпа құрылғысы, 25 жұмысшы жауынның салдарынан болған су қалдықтарын тарту жұмыстарын атқаруда.

Әл-Фараби ауданы бойынша “Таза Өлке” ЖШС-інің 15 арнайы техникасы және 2 мотопомпа, 25 жұмысшысы жұмылдырылды.

Еңбекші ауданы бойынша “Группа Интеко” ЖШС-інің тарапынан 5-камаз, 3-мотопомпа, 1-насос, 2- ассенизатор, 22 жұмысшы қазір жаңбыр суларын тазартуда.

Қаратау ауданы бойынша “Жасыл Жер Шымкент” ЖШС-інің 11 арнайы техникасы мен 3 мотопомпа құрылғысы және 20 жұмысшы су басқан жерлерді қалпына келтіруде.

Тұран ауданы бойынша “Шымкент Спец Комплекс” ЖШС-інің 14 арнайы техникасы, 2 мотопомпа құрылғысы және 20 жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта су басу қаупі бар орындар бақылауда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Сайрамдағы көкөніс өңдейтін кәсіпорындар заманауи құрылғылармен қамтылуда

admin

Түркістан: еріктілер қар тазалап жүрген жұмысшыларға құрмет көрсетуде

admin

Наркотики, короткая «карьера закладчиков» и безопасность врачей: разъяснительную встречу провели для столичных медиков

admin