Түркістан: газ қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етіңіз!

0
  • Қазіргі таңда қала аумағындағы газ құбыры жүргізілген аймақтардың 98% көгілдір отын қолданып отыр.
  • Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, «ҚазТрансГаз» АҚ, Газинспекциясы мамандары және сектор меңгерушілерімен бірге жылыту маусымына дайындық ретінде тұрғындардың газ қазандықтарын тексеру жұмыстары жүруде.
  • Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту маусымындағы газ қолданудың қауіпсіздік ережелері бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылуда.
  • Қазіргі таңда газ қолданып отырған тұрғын үйлердің жылу беру маусымындағы техникалық мүмкіндігі жеке-жеке тексерілуде.
  • Жылу беру техникалары ескірген, қауіпсіздік талаптарына сай емес құралдарды қолданыстан шығару жүргізілуде.
  • Сонымен қатар, газ қолданып отырған тұрғын үйлерде газ тұтыну кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілуде.
  • ГАЗДЫ ТҰРМЫСТА ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
  • Абонент пәтер ішіндегі газ жабдығының тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз етуге міндетті.
  •  Құрметті газ тұтынушылар! Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі туралы ойлаңыздар – газ жабдығына уақытылы қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етіңіздер!
  • Газ қазандығын тұрғын үйдің ішіне орнатуға болмайды, арнайы бөлек орында тұрғаны дұрыс өйткені газдан улану қауіпі өте жоғары.
  • Газ қазандығын жылыту маусымына дайындау алдында мұржасын тексеріп тазалап алу керек.
  • Қазандық тұрған бөлменің жоғары жағында арнайы түтікшесі болу керек.

ПІКІР ЖАЗУ