The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Таиландта қазақстандықтың денесі табылды

Сыртқы істер министрлігі Таиландтың Пхукет аралында 18 жастағы қазақстандықтың суға батқаны жайлы мәліметті растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 қыркүйек күні консулға Пхукет жағалауында жас жігіттің суға батып кеткені және оның Қазақстан азаматы болуы ықтимал деген мәлімет келіп түсті.

Екі күнге созылған іздестіру жұмысынан кейін таиландтық құтқарушылар 2005 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты.

Марқұмның ата-анасы Пхукетке келіп жетті және денені танып, анықтау процедурасына қатысады, — делінген СІМ баспасөз қызметінің ақпаратында.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: арендалық үйді сатып алуға болады

admin

Экономикалық өсім халыққа қандай пайда әкеледі?

admin

Қазақстанда 216,3 млрд теңгеге алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады

admin