The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Таразда құмар ойынға салынған директор өз фирмасын тонаған

Тараз қаласындағы шағын қаржы мекемесінің директоры құмар ойынның құрсауынан шыға алмай өз фирмасын тонаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

7 қыркүйекте Тараз қаласының «102» арнасына шағын қаржы мекемесіне тонау жасалғаны туралы хабарлама түсті.

Полицейлер келгеннен кейін сол мекеме филиалының 47 жастағы директоры кассирді дәретхана бөлмесіне қамап, кассадан 24,5 млн. теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп, белгісіз бағытқа қашып кеткені анықталды.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған тонау) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Жеке құрамға шұғыл бағдар беріліп, «Тосқауыл» жоспары енгізілді. Сондай-ақ өзге де жедел іс-шаралар кешені жүргізілді, оның ішінде тонаушының туыстарымен және айналасындағы жақын араласатын адамдармен байланыс жасалып, нәтижесінде күдікті қала аумағынан тыс жасырынып үлгермей, өз еркімен ұрланған ақшаны алып, полиция органына келуге мәжбүр болды.

Ұқсас жаңалықтар

Келес: ауыл халқының алғысына бөленген медбике

admin

Алматылық жазушылар мен шығармашылық зиялы қауым жаңа Конституция жобасын қолдады

admin

Тоқаев Көлік министрі Қарабаевқа сөгіс жариялады

admin