The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

TikTok-та онлайн бәс тігіп, 13 млн тапқан екі азамат сотталды

Алматыда TikTok-та онлайн бәс тігу арқылы құмар ойындарды ұйымдастырғандар сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаменті әлеуметтік желіде құмар ойындарды тарату бойынша қызметтің жолын кескен болатын.

Тергеу барысында азаматтардың 4 ай ішінде 13 млн теңгеге жуық сомаға ірі мөлшерде табыс табумен үлескен стримдар ұйымдастырғаны дәлелденді.

Аталған екі азамат кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.

Заңсыз ойын бизнесі саласындағы дәл осындай құқық бұзушылықтар үшін 19 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде табыс тапқан төрт адамға сот 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Құрметті азаматтар! Әлеуметтік желілерде құмар ойындарды ұйымдастыру заңсыз болып табылатынын және ҚР «Ойын бизнесі туралы» заңының нормаларына қайшы келетінін еске саламыз, — делінген ҚМА хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанға ҚР президенті әкімшілігі ҚХА хатшылығы меңгерушісінің орынбасары іссапармен келді

admin

Гүл сатушыны соққыға жыққан экс-полицейдің тағы бір шулы видеосы тарады

admin

Шардара: ағын су құнын субсидиялау бойынша жиын өтті

admin