The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент қаласында балабақша ақысы қымбаттайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында ата-аналар үшін мемлекеттік және жеке балабақшаларда қызмет ақысы қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық НҚА порталында жарияланған Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, биыл және келер жылға балабақша ақысы мына мөлшерде бектілмек:

— мемлекеттік балабақшалар – ай сайын 18 331 теңге (2024 жылы – 18 392 теңге);

— жеке балабақшалар – ай сайын 51 032 теңге (2024 жылы – 54 182 теңге);

— мектепке дейінгі санаторлық ұйымдар – ай сайын 67 817 теңге (2024 жылы – 68 518 теңге);

— балалардың толық емес күндік топтары үшін – ай сайын 19 909 теңге (2024 жылы – 20 285 теңге).

Қаулы-жобасы 22 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

Қоса кетсек, бұған дейін елордадағы мемлекеттік балабақшаларда ата-ана төлемақысы қымбаттайтынын хабарлап едік. Астана әкімдігінің түсіндірмесіне сай, қазір тауарлар мен қызметтерге баға өсті. Тиісінше, мемлекет ата-аналардың төлемақысы шығындарын өтемейді.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық ахуалы қандай?

admin

Сайрам: «Сауатты жарнама — тіл тазалығының айнасы» акциясы жалғасын табуда

admin

Vogue таңдауы: Қазақстан 2025 жылдың ең үздік туристік бағыттары қатарында

admin