The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан мен Қарқаралы ауданы әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық жөнінде Меморандум түзілді

Арқадағы Қоянды жәрмеңкесіне биыл – 175 жыл. Бұл – қазақ әнінің, ұлттық өнердің, тіпті театрдың алтын бесігіне айналған жақұт жырдың жәрмеңкесі ретінде тарихта өз орнын алған.

Жәрмеңке батыс пен шығысты, солтүстік пен оңтүстікті жалғаған алтын көпір болды.

Таяуда аталмыш жәрмеңкенің 175 жылдығына орай, Қарағанды қаласында ауқымды іс-шара өтті.

Осы ауқымды іс-шараның аясында Түркістан қаласының әкімдігі мен Қарқаралы ауданы әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық жөнінде Меморандум түзілді.

Сәулет, ғылыми, мәдени, спорттық, туристік және басқа да байланыстарды дамыту мақсатында өзара тәжірбие алмасу бойынша тараптар міндеттеме алды.

Түзілген құжатқа сәйкес, ақпарат пен тәжірбие алмасу, сондай-ақ шығармашылық ұжымдар, оқушылар, спортшылар және тағы басқа санаттағы азаматардың қатысуымен сапарлар ұйымдастыру және түрлі көрмелерін өткізу қарастырылған.

Тараптар атынан Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев пен Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайын құжатқа қол қойып, шарттарды бекітті.

Ұқсас жаңалықтар

2021 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП 30 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА КЕЗЕКТІ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫ ӨТЕДІ

admin

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА 200 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН

admin

Жетісай: жеке қабылдауда айтылған өтініштер аудан әкімінің назарында

admin