The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістаннан көлік ұрлап келе жатқан жас жігіт шымкенттік полицейлерге ұсталды

Түркістаннан көлік ұрлап, Шымкентке келген жас жігітті тәртіп сақшылары ұстады.

Полиция департаментінің мәліметінше, қала аумағында түнгі кезекшілікке түскен патрульдік полицияның №883 автоэкипажы Т.Айбергенов көшесінің бойында Lada 21114 көлігін тоқтатқан. Жүргізуші маневр жасау кезінде бұрылу белгісін қоспаған екен.

Полицейлер жас жігіттің жеке құжаттарын тексеру барысында оның жүргізуші куәлігі жоқ екенін анықтады. 20 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы «Көлік құралын құжатсыз және басқару құқығынсыз адамның басқаруы» бойынша хаттама толтырылды. Сонымен қатар  көрші аймақтағы тәртіп сақшылары жіберген бағыттамаға сәйкес көліктің Түркістан облысындағы үйдің ауласынан жарты тәуліктен аз уақыт бұрын ұрланғаны белгілі болған.

Оқиға орнына Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жетіп, көлік тәркіленді. Ал оның жүргізушісі полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда көлік заңды иесіне қайтару үшін Түркістан облысының тәртіп сақшыларына берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға қолдау күшейтіле түсті

admin

Мемлекет басшысы Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізеді

admin

Түркістан облысында республикалық «ZHAS CAMP» лагері басталды

admin