The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан: идеология саласында атқарылған жұмыстар сараланды

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жұмыс жоспарына сәйкес бүгін жыл басынан бері идеология саласында атқарылған жұмыстарды саралады.

Әкімнің қабылдауында әлеуметтік сала, спорт, мәдениет, ішкі саясат бөлімдерінің есебі тыңдалып, проблемалары талқыланды.

— Кемшіліктер мен ескертулер бойынша сіздерге екі апта мерзім беріледі. Бүгін барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын. Екі аптадан кейін сұрақты сіздерге мен қоямын. Өзекті мәселелер тізбесін әзірлеп, шешілу жолдарын ұсыныңыздар. Қаржыны қажет ететін мәселелер болса, бюджеттік өтінімді осы кезден дайындау қажет. Қолымызды мезгілінен кеш сермеп, ертең бір-бірімізден кінә іздеп отырмайық, — деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.

Жиналыс қорытындысымен хаттама түзіліп, бірқатар тапсырма берілді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: облыс әкімінің бірінші орынбасары Кентаудағы маңызды нысандарды аралады

admin

Тұран шағынауданында 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

admin

Биыл Түркістан облысында бірнеше кәсіпорын ашылады

admin