Түркістанда 20 қарбыз ұрлаған жасөспірімдер ұсталды

0

Түркістан облысында 20 қарбыз ұрлаған кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, Көкпекті ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын оның бақшасынан белгісіз адамдар 20 қарбыз ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын 30 мың теңгені құрады. Оның айтуынша, осы жылдың мамыр айында ол өзінің бақшасына 80 қарбыз отырғызған, күн сайын бақшасын суарып, күтіп баптаған. Мәселе шығында емес, еңбекте деп ашынды қарбыз иесі.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы ауылдың кәмелетке толмаған 10 тұрғынын анықтады (олардың бесеуі 14 жасқа толмаған). Олар өздерінің кінәларын мойындады. Тентектер қарбыздарды жеп қойған.

Қазіргі кезде 14 жасқа толған 5 жасөспірімге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ