The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкентте есірткі қылмыстарын ашу үшін пилотсыз ұшу аппараттары қолданылып жатыр

1 маусымнан бастап Шымкент қаласы аумағында республикалық “Қарасора – 2023” арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Шараның 3 ай қорытындысы бойынша мегаполис полицейлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 136 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Оның 54-і қылмыс және 82-і қылмыстық теріс қылық қатарына жатады.

Соның ішінде, іс-шараның негізгі бағыты саналатын құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру бойынша жалпы 28 дерек анықталды.

Бүгін де полиция қызметкерлері қала аумағында есірткі алқаптарын және есірткі өсімдіктерін егіп-өсіру деректерін анықтау мақсатында пилотсыз ұшу аппаратын (дрон, квадракоптер) қолданып, аталған техниканың көмегімен құрылған мониторинг топпен есірткі өсімдіктері егілуі мүмкін барлық аумақтарға әуеден бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда шымкенттік полицейлер жоспарға сәйкес қаладағы барлық жерлерде тексеру жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, “Қарасора – 2023” арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы 31 қазанға дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Саурандық оқушы халықаралық турнирде жүлдегер атанды

admin

Ерлігі 80 жылдан соң анықталған батыр

admin

Шымкентте жалған түбіртек көрсетіп, тегін ас ішкен тұрғын сотталды

admin