Асығыңыз, «QAMQOR» бағдарламасының бітуіне 4 күн қалды!

0

«Qamqor» бағдарламасына өтінім беру 25.09.2023ж. аяқталады!

Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, НИМ ғылыми қызметкерлері, ХҚК қызметкерлері, энергетика саласы , мәдениет және спорт қызметкерлері, журналистер, мемлекеттік қалалық ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.

Бұл бағдарлама Шымкент қаласының барлық жұмыс істейтін тұрғынына қолжетімді.

 — Несиенің максималды сомасы 20 млн теңгені құрайды;

— Несие бойынша мөлшерлеме-5%, одан әрі 3,8% дейін төмендеу мүмкіндігі бар; Өтінімдерді қабылдау «otbasybank.kz» жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.

 Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлер пулына көп ұпай жинағандар өтеді. Олардың санына некедегі жылдар саны, балалардың болуы, жұмыс өтілі, Шымкентте тіркелу ұзақтығы және т. б. критерилер әсер етеді. Қатысушылар пулы құрылған кезде олардың барлығы Отбасы банкіне кредит беруге жолдама алады. Онда төлем қабілеттілігі тексеріліп, несие беріледі. Тұрғын үйді бастапқы нарықта да, қайталама нарықта да сатып алуға болады.

 «Qamqor» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын талаптар:

— Қатысушының жасы — өтініш берген кезде 63 жастан аспауы қажет (қоса алғанда);

— Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағы бойынша соңғы 5 жылда меншік құқығындағы жылжымайтын мүлік болмауы;

— Соңғы 3 жыл ішінде Шымкентте тұрақты тіркеудің болуы;

— Шымкентте таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі соңғы 12 айдан кем емес.

 Еске сала кетейік, жинақ сомасы 500 мың теңгені құрайтын отбасы банкінде депозит болған жағдайда +2 балл беріледі. Ал бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ