The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жамбыл: облыс әкімі Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті.

Кездесуде бауырлас екі елдің, оның ішінде Жамбыл облысымен сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері мен алдағы жоспарлар талқыланды.

Сондай-ақ, Қазақ-Қырғыз I Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысы пысықталды.
Аймақ басшысы тараптар арасындағы өзара тығыз байланысты ескере келе, елдердің өңірлері арасындағы ынтымақтастықты да нығайта түсу қажет екенін атап өтті. Облыс туралы жан-жақты ақпарат беріп, әлеуетті инвесторлар мен туристер үшін тартымдылығын тілге тиек етті.

Өз кезегінде Дастан Дюшекеев жылы шырайда қабылдаған облыс басшылығына алғысын жеткізіп, сауда-экономика, әлеумет, медицина, білім салаларында қарым-қатынасты нығайта түсудің негізі зор екенін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі Сарыағашта қайтыс болған 5 жастағы қыз баланың ата-анасына көңіл айтты

admin

Түркістан: тізе буынын емдеуде жаңа тәсілдер үйретілді

admin

Түркістан: Сарыағашта «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» науқаны жалғасуда

admin