The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Тараздағы өрт: мектеп оқушылары енді қайда оқиды?

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, 17 қыркүйекте Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектепте өрт шықты. Мектепті жөндеп жатқандықтан, сол кезде ғимаратта балалар болмаған.

Жөндеу жұмысы аяқталмайынша, балалар басқа оқу орындарында оқитын болады. 18 қыркүйектен бастап №44 орта мектептің оқушылары Тараздағы үш мектепке бөлініп оқиды.

Атап айтқанда,  Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған Абай атындағы мектеп-гимназиясы (бастауыш мектеп және 1-4-сыныптар, бала саны – 388, сынып саны – 19).

№31 орта мектеп (5, 6, 7, 8-сыныптар, сынып саны – 18, бала саны – 398).

№23 орта мектеп (9, 10, 11-сыныптар, сынып саны – 11, бала саны – 235).

№31 орта мектепте оқу процесі екі ауысымда, №23 орта мектепте екі ауысымда, Абай мектеп-гимназиясында бір ауысымда жүргізіледі.

Мектептер алыс болғандықтан, оқушыларды автобуспен тасымалдайды. 

Айта кетейік,  17 қыркүйекте түнде Тараздағы мектепте өрт шыққанын, зардап шеккендердің халі мүшкіл екенін жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Air Astana әуекомпаниясына неліктен айыппұл салынғаны белгілі болды

admin

Отандық АЖ/ТҚҚ комплаенс-мамандардың алаяқтықпен күреске бағытталған жобасы Еуразия кеңістігінде үздік деп танылды

admin

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Арыста теміржолшылар саябағының түнгі жарықшамдары толықтай жаңартылды

admin