The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: жер асты өткелдерінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр

 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков “Алаш”, “Бекжан” базарлары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылысымен танысты.

 Темірлан тас жолы және А-2 автожолы арқылы өтетін жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің техникалық-экономикалық көрсеткішіне тоқталсақ, тоннель ұзындығы 46,5 метр, ені 6,1 метр, биіктігі – 2,65 метр. Бүгінде құрылыс жұмыстарының орындалуы 80 пайызды құрап отыр. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

 “Бекжан” базары маңында А-2 автомобиль жолы арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша тоннель ұзындығы — 24 метр, ені 4 метр, биіктігі 2,5 метр құрайды. Жұмыстар 45 пайыз орындалған, осы жылы халық игілігіне беріледі.

 Қала әкімі жауаптыларға өткелдер құрылысын сапалы әрі өз мерзімінде атқару бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «Мәртөбе» кешенін көруге 70 мыңдай турист келген

admin

Алматыда «Рухани келісім – Қазақстандағы бірлік пен бейбітшіліктің негізі» атты республикалық форум өтті

admin

Депутат бухгалтерлерге тапшылық болатынын айтты

admin