The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: қала әкімі ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 қазан — халықаралық Қарттар күніне орай ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. «Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік іс-шарада қала басшысы ыстық ықыласын жеткізді.

 — Сіздерді халықаралық қарттар күні мейірім мен ізгілік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қарты бар үйдің шырағы сөнбейді. Бүгінгі

құрмет-қошеметтің барлығы сіздерге арналады. Өздеріңізге айтар алғысымыз бен құрметіміз шексіз. Қазыналы қарияларымыздың қамсыз қарттығын қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Ең бастысы саналы ұрпақ пен жақындарыңыздың қамқорлығына бөленіп, ортамызда аман жүріңіздер! — деді қала әкімі.

 Бүгінде қалада 88 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оның ішінде 3 ұлы Отан соғысы ардагері мен 2 мыңнан астам тыл еңбеккері бар. Ақсақалдарға барынша қолдау көрсетіліп, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп отыр.

 Мерекелік іс-шарада елдің дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты және Құрметті ардагер төс белгілерімен марапатталды.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Елордадағы «Жерұйық» саябағында қазақстандық жауынгерлерді еске алды

admin

Түркістан: Жылыжайларда егін егу жұмыстары қарқынды

admin

ОАР мен Түркістан облысы арасындағы байланыс нығаяды

admin