The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жамбыл: зауыттан 10 тоннадан астам дизель отынын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Жаңатаста 10 тоннадан астам дизель отынын ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті, – деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.  

Жамбыл облысының Полиция департаменті Жаңатас қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС зауытынан ұзақ уақыт бойы дизель отынын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетiн анықтап, тосқауыл қойды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу iсi басталды.

Ұрлықты ұйымдастырушы Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Зауыт қызметкерлерінің қатысуымен күдіктілер ұзақ уақыт бойы ірі көлемде ұрланған дизель отынын әкетiп отырған.

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту нәтижесінде 10 тоннаға жуық дизель отыны, сондай-ақ ЖЖМ тасымалдау және айдау үшін пайдаланылған автокөлiктер мен арнайы жабдықтар табылып, тәркіленді. Сонымен қатар тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі табылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «кедергісіз келешек» жобасы аясында спорт сайысы өтті

admin

Туркестан: В Келесе реализовано несколько проектов

admin

Кентауда көпқабатты тұрғынүйлер жаңартылуда

admin