The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жамбыл: полигонда Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды

25 қыркүйекте Жамбыл облысындағы «Айша бибі» оқу полигонында оқу-жаттығу кезінде Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды.

Оқыс оқиға оқ атудан жаттығу кезінде болған.

«Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан үш офицер аяғынан жеңіл жарақат алды. Әскери қызметшілер Тараз қаласының емдеу мекемесіне жатқызылды. Қазір  олардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, өмірлік маңызды органдар зардап шекпеген», – деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде.

Ұқсас жаңалықтар

Министрлік: Әлеуметтік желілерде заңсыз ұтыс ойындарын өткізгендер тексеріледі

admin

«ШЫМКЕНТ МАРАФОН — 2023» спорттық шарасы өтуде

admin

ТҮРКІСТАН: Қазығұрт ауданында 2 медициналық нысанның құрылысы аяқталуға жақын

admin