Сауран: Оранғайда спорттың бірнеше түрінен жарыс өтті

0

Бүгін  Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай және ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Рысқұл Сүлейменовті еске алуға арналған спорттың бірнеше түрінен атап өтетін болсақ, арқан тарту, тоғызқұмалақ, дойбы, кір тасын көтеру, қол күрес, футболдан жарыс болып өтті.

Жарыстың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, ауылдың ақсақалдар алқасының төрағасы Бақтияр Бекназаров, зейнеткер Абиддин Фахриддинов, мәслихат депутаты Абдурашит Жусупов, ауылдық округ әкімі Берік Қуандық және ауыл тұрғындары қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев жарысқа қатысушыларды ел тәуелсіздігімен құттықтап, спортты серік еткен жандарға сәттілік тілеп, сайыста тек мықталардың жеңіс тұғырынан көруіне игі тілегін жеткізді.

 “16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің арманы бұдан 32 жыл бұрын орындалып, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Еліміздің тәуелсіздігі мәңгілік болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін. Әрдайым елімізде бақыт пен береке, бірлік болсын!”, — деді Бақытжан Кеңесбекұлы.


ПІКІР ЖАЗУ