The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан облысында 10 жасар бала бауырын өлімнен арашалап қалды

Қазығұрттық 10 жасар Нұрали Өскенбай өз бауырын өлімнен аман алып қалды. Оқиға жуырда Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округі Жылыбұлақ елді мекенінде орын алған. 2022 жылы туған Нұрмұхаммед Өскенбай үйінің ауласында ойнап жүріп әжетхана ойығына түсіп кеткен. Болған жағдайды дер кезінде байқаған анасы Айзада Сарман 10 жасар ұлы Нұралиді көмекке шақырады. Ол беліне арқан жіп байлап, анасының демеуімен кішкентай бауырын құтқарып, өлімнен арашалап қалған.

Батыр баланың ерлігі елеусіз қалған жоқ. Үлгі болар ісі үшін 4 сынып оқушысы Нұрали Құдыретұлына Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысы арнайы Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат табыстады.

Ұқсас жаңалықтар

Экология или развитие? JANA LEP предложил искать научный баланс при реализации Almaty SuperSki

admin

Бәйдібек: аудан әкімі бірқатар нысандардың кемшіліктері бойынша қатаң ескерту жасады

admin

ШЫМКЕНТ: Мектептің кітапхана қоры толуда

admin