The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: Ақтас шағын ауданында табиғи газ бойынша абоненттеу жұмыстары жүруде

Ақтас шағын ауданында ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары өткен жылы аяқталған болатын. Мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС құрылысты 2021 жыл қазан айында бастап, 2022 жылдың қыркүйек айында ұзындығы Ақтас елді мекенінде 16,6 шақырымнан тұратын ішкі жүйелердің құрылысын бітірді.

Абоненттеу жұмыстары «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мамандарымен бірлесіп, іске қосылуда. Осы уақытқа дейін Ақтас шағын ауданында 100-ге жуық абонент көгілдір отынды тұтыну мүмкіндігіне ие болды.

Жалпы абоненттеу жұмыстары аяқталған соң, 300-ден аса абонент көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Салықтық жеңілдіктерді 20 пайызға қалай қырқартуға болады

admin

Сауранда жоғары технологиялы өндіріс дамып келеді: агродрондар шығаратын жаңа жоба іске қосылмақ

admin

«Цитадельдегі түн». Шымкентте таңғажайып іс-шара өтті

admin