СҚО-да қызылша жұқтыру бір айда 3,5 есе өсті

0

Солтүстік Қазақстан облысында бір аптада қызылша жұқтырудың 13 жағдайы тіркелді. Ал бір айда бұл дертпен 168 адам ауырған, деп хабарлайды Kazinform.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, облыста 2023 жылдың басынан бастап қызылшаға күдікті 403 жағдай тіркелді, оның 254-і зертханалық жолмен расталды. Желтоқсан айында ауру жұқтыру 47-ден 168-ге дейін өскен.

«Сырқаттанғандардың 85% — Петропавл тұрғыны. 14 жасқа дейінгі 91 бала, 15 пен 19 жас аралығындағы 60 жасөспірім ауырған. Соның ішінде ең үлкен үлес 1-4 жас аралығындағыларда, 51 бала сырқаттанды. Ұлттық ұлан академиясының 52өкілі, 34 студент ауырды. Сырқаттанғандардың арасында 8 медицина қызметкері, 2 мұғалім, 1 әскери қызметші және зейнеткер бар», — дейді Арман Күшбасов.

Қызылша жұқтырғандардың 82% егілмеген.

Маманның айтуынша, облыста қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау барысында 15 704 адам егілді.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта 32 сырқат стационарлық ем қабылдап жатыр, оның 23-і – бала. Жансақтау бөлімшесінде жатқан пациенттер жоқ.


ПІКІР ЖАЗУ