Түркістан: Дархан Сатыбалды кентаудағы тұрғын үйлердің жылу жүйесін тексерді

0

Алдағы күндері Түркістан облысында ауа-райы күрт өзгеріп, таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Синоптиктердің мәліметі бойынша, еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын, дауылды жел болады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласындағы №5 жылу орталығында болып, жауапты сала басшыларының басын қосты. Оларға күннің күрт суытуына орай орталықтың жұмысын бақылауды күшейтуді ескертті. Нақты тапсырмалар берді.

Жылу орталығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Шаһарға жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, жертөлелерінің жүйелері мен пәтерлердегі жылу сапасын тексерді. Жергілікті тұрғындармен жүздесті. Кентаулықтар жылу, ауыз су, табиғи газбен қамту, пәтер иелерінің кооперативін құру секілді мәселелерді ортаға салды. Облыс басшысы тұрғындардың сауалдарына дауап беріп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Жылу ориалығында былтыр демеушілер есебінен жөндеуден өткен 4 қазандықтың жалпы қуаттылығы шаһарды толық тұрақты жылумен қамтамасыз етуге жеткілікті. Қосымша екі қазандыққа монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша әлі екі қазандық толық жаңартылады.

Қалада ішіндегі ұзындығы 25 шақырым желілерді оқшаулау жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен жылы сондай –ақ 4,7 шақырымды құрайтын жылу магистралі толық жаңартылды. Жұмыс барысы тікелей Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында.

Жылу температурасы +64 градусты көрсетсе, кері қайтуы +44. Орталықта көмір, мазут отынының қоры жеткілікті.

Осыдан тура 90 жыл бұрын салынған Жылу орталығы соңғы рет күрделі жөндеу осыдан 10 жыл бұрын жасалған. Жылу құбырларының ұзындығы 169 шақырымды құрайды. Мұнда 400-ге жуық жұмысшы еңбек етеді. Орталық

14 мыңнан астам абонентті жылумен қамтамасыз етеді.


ПІКІР ЖАЗУ