The Dala Times ақпараттық сайты
Шоу-бизнес

Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшеді

Димаш Құдайберген шығармашылық жолын жетілдіру мақсатында АҚШ-қа көшетін болды. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында мәлімдеді.

«MTV USA телеарнасына Кевин Кенниге берген екінші эксклюзив сұқбатым шықты. Менің Қытайда қанша жыл тұрғанымды және шығармашылығымды қолдау үшін Америкаға қашан көшуді жоспарлап отырғанымды толық нұсқадан біле аласыздар», — деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

«Музыканы жетілдіру үшін біраз уақыт Америкада болуды жоспарлап отырмын. Ол үшін әлемдік шоу-бизнестің орталығында болу қажет. Менде осыған ұқсас тәжірибе бар: мен музыкамды жетілдіру үшін үш жарым жыл Қытайда болдым. Алайда мен үшін ең сүйікті орын – отбасым бар жер», — деп жазды Димаш

Ұқсас жаңалықтар

Қайрат Нұртастың әкесі Президентке үндеу жолдады

admin

Әсел Асқарды ұрған кәсіпқой спортшы қамауға алынды

admin

«Шымкент аруы» Instagram-дағы «ойындары» үшін жазаланды

admin