The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан: кентаулық көпбалалы ана «ауыл аманаты» жобасымен кондитерлік цех ашқан

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Муаттар Азизова «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-дық несие алып, кондитерлік цех ашқан. Кәсіпкер  7 млн. 700 мың теңге көлемінде несие алып, кондитерлік өнімдерді пісіруге арналған құрал-жабдықтарын сатып алған.

Бұл салада келе жатқанына 10 жылдан асқан.

Оның айтуынша, кондитер цехын іске қосқалы сұраныс артқан. Алдағы уақытта отбасылық кәсібіне наубайхана жұмысын да іске қосуды жоспарлап отыр.

Қазір күніне 15 келідей бәліш түрлерін, 150-200 самса, тапсырысқа орай түрлі тәтті тоқаштар пісіреді. Жасаған өнімдері ауыл тұрғындарынан-ақ артылмайды. Негізгі мамандығы  журналист Муаттар Азизова бұл салада 15 жылдай қызмет етіп, кәсіпкерлікке бет бұрған. Отбасында үлгілі келін, 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған көпбалалы ана.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл облысында қылмыстық топ субсидияға бөлінген 900 млн теңгені жымқырған

admin

Түркістан облысына жыл басынан бері 700 мыңнан астам қонақ келген

admin

Тарихта алғаш рет: Қазақстан Virtus басқарма құрамына енді

admin