The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан: қоғамдық қабылдауда өзекті мәселелер көтерілді

Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы азаматтардың арыз-өтініштерін тыңдады. Қабылдауға 12 азамат келіп, мәселелерін айтты.

Жеке қабылдаудағы азаматтардың негізгі көтерген мәселелері әлеуметтік көмек, баспанамен қамтамасыз ету, жер дауы, субсидия бөлу, жеңілдетілген несие алу бағытына қатысты болды.

Қабылдауға келген тұрғынның бірі – өз кәсібін ілгерілетіп, тау пістесін (фисташка) егумен айналысқысы келетінін, тек қаржы жағынан көмек керек екенін айтты. Әкім орынбасары мұндай тың жобаларға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін айтып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы көмек көрсете алатынын жеткізді.

Азаматтардың мұң-мұқтажын мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы ұсыныс-тілектердің оң шешілуіне  ықпал ететінін айтты.  Облыс әкімінің орынбасары көтерілген әр мәселе бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырма беріп, барлық мәселе заң аясында шешілетінін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

«Немолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі ұсталды

admin

Алматыда LRT жобасы қайта қолға алынды

admin

Түркістан қаласының айналма жолының жобалау-сметалық құжаттамасы қайта түзетуден өткізілуде

admin