The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан: Сарыағаш ауданында бақша дақылдарын егу науқаны басталды

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында шаруалар әлеуметті маңызға ие, ерте пісетін картоп өнімін егуді бастап кетті.  Науқанды алғашқы болып бастаған шаруалардың бірі – Қабланбек ауылдық округінде орналасқан “Өскенбай” шаруа қожалығы.

Қожалық төрағасы Ө.Рысмамбетов  биыл  иелігіндегі  2 га  жерге «Реверия» сұрыпты картобын егуде. Алдағы уақытта 2 га алқаптан 45 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Картоп өнімін жинап алғаннан кейін орнына қырыққабат, болгар бұрышы және кешкі картоп өсіру көзделген. Биыл аудан шаруалары жалпы 2,9 мың гектарға  жуық жерге картоп өсіреді деп күтілуде. Оның ішінде 1,8 мың гектарына ерте пісетін картоп егілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Шардара: Сенат депутаттары ауданда болды

admin

Шымкенттік сұр мерген Париж олимпиадасының алғашқы жолдамасына қол жеткізді

admin

ШЫМКЕНТ: За прошедший отопительный сезон количество отравлений природным газом снизилось в два раза

admin