The Dala Times ақпараттық сайты
Әлем

Израиль палестиналықтарға Рамазанды тойлауға шартты түрде рұқсат береді

 ASTANA. KKAZINFORM – Рамазанға дейін ХАМАС кепілге алынғандары қайтармаса, Израиль күштері Рафахтағы әскери операцияларын кеңейтеді. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Егер Рамазанға дейін кепілге алынғандар қайтарылмаса, Рафах аймағында ұрыс жалғаса беретіні атап өтілді.

Сондай-ақ, егер Израиль қойған шарттар орындалса, Израиль бейбіт тұрғындардың шығынын азайтуға және америкалық және мысырлық серіктестермен бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға көмектесетінін айтты.

«ХАМАСтың таңдауы бар – егер олар берілсе және кепілге алынғандарды босатса, біз Газа тұрғындарына қасиетті Рамазан айын тойлауға мүмкіндік береміз» – деді Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Бени Ганц.

Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы 10 немесе 11 наурызда басталады деп күтілуде. Израиль 2023 жылдың 7 қазанындағы оқиғалардан кейін ХАМАС тобын жою үшін Рафахтағы операцияларды кеңейтуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бірақ ондағы 1,5 миллионға жуық палестиналықтардың барар жері қалмай ма деген алаңдаушылық күн сайын күшейіп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Еуроодақ елдері арасындағы әуе билеттері Қазақстан қалаларының рейстерімен салыстырғанда 32 есеге арзан

admin

СМИ рассказали о содержании «секретных переговоров» между США и Россией

admin

Алматы бессайысшыларының жеңісі: 13 медаль және Азия чемпионатында Қазақстан бірінші орында

admin