The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің алдағы жұмысының басым бағыттарына назар аударды.

Қазақстан Президенті, ең алдымен, Халықаралық олимпиада комитеті аясындағы сенімді және тиімді қарым-қатынасты нығайту маңызды екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрамалардағы спортшылардың алдағы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына даярлығына қатысты зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Сонымен қатар лицензиялар санын көбейту және Париж Олимпиадасында елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді жүйе құру маңызды міндет екеніне тоқталды.

Мемлекет басшысының айтуынша, өз әлеуетін таныту үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай жасап, отандық спорттың өркендеуіне кері әсер ететін жағымсыз құбылыстарды жою қажет. Сондай-ақ ұлттық құрамаға спортшыларды іріктеу әділ жүргізілуі керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің кәсібилігі мен мол тәжірибесі еліміздегі олимпиадалық спорт түрлерін дамытудың өзекті мәселелерін тиімді шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Бадам -195 орам тұрғындары үшін жақын уақытта көгілдір отын қол жетімді болады

admin

Жолдау жүктеген міндеттер: президент тапсырмалары Түркістан облысында қалай орындалады?

admin

Астанада қауіпті вирусқа қарсы екпе салынып жатыр

admin