The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстан ғалымдары ұшақты мұзданудан қорғайтын өнімді зертханада синтездеді

 Белгілі химик, технолог Маржан Досмағамбетованың ғылыми жетекшілігімен UTEBAYEV UNIVERSITY ғалымдары сілтілік ортада натрий формиатын алу әдісін зертханалық жолмен жүзеге асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл реагент қыс мезгілінде автокөлік пен жаяу жүргіншілер жолында мұз қатырмау және ұшақтардың қанаттары мен корпусын мұзданудан қорғау үшін қолданылады.

Натрий формиатын өндіру әдісі бүгінге дейін палладий катализаторының қатысуымен төрт хлорлы көміртекті сутегімен гидрохлорлау әдісі арқылы алынып келді. Бұл процесс 90-100 °С температурада 12-19 атмосфералық қысымда сілтілік ортада жүргізіледі. Оның басты кемшілігі – қысым 12 атм. төмендеген кезде натрий формиатының шығымы да күрт төмендейді, ал жоғарылаған кезде технологиялық жабдықтарға жұмсалатын металл шығынын арттырады. Бұл өндіру процесін бәсекеге қабілетсіз етіп, бағасын қымбаттатады, — дейді UTEBAYEV UNIVERSITY қауымдастырылған профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Амангелді Әбілхайыров.

Университет зертханасында әртүрлі концентрациядағы күйдіргіш натрийдің сулы ертіндісіне сутегінің асқын тотығын араластырып, кейін формалин қосу арқылы натрий формиаты алынды.

Бұл ғылыми жұмыс технологиялық жабдықтардың қарапайым жасақталуына, сол арқылы өнімнің арзандауына септігін тигізеді.

Өнімді қыс мезгілінде мұз қатуға қарсы пайдалану барысында жолдың цементбетон жабынына, көлік шинасына зақым келмейді, көлік корпусының коррозиясын тудырмайды. Алынған құмырсқа қышқыл натрийді қолдану адамдарға да, жол төсеміне де залалсыз және -15-тен -25 °С дейінгі төмен температурада жол төсемдерін тазалауға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласында 150-ден астам көшені жөндеу жоспарланып, 30 көшеде жұмыстар басталды

admin

Түркістан: саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия отырысы өтті

admin

Түркістан: Кентауда 300 орындық мәдениет үйі салынады

admin