The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Каспий жағалауындағы өрт: 1000 га қамыс өртенді

2 наурыздан бастап Атырау облысы Құрманғазы ауданында Каспий теңізінің жағалауында Құрманғазы ауылынан 40 км жерде, Құрманғазы орманшылығы КММ аумағында 1000 га алаңда қамыс өртенді

Елді мекенге қауіп жоқ.

Ағымдағы жылдың 4 наурызда бастап әуеден барлау жүргізу үшін, ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Батпақты жерлерде 20 га аумақта қамыс өсімдіктерінің бықсуы орын алуда. Жалпы жанған аумақ көлемі 1000 га. Оның ішінде 200 га аумақ ТЖД күштерімен сөндірілген, ал 780 га аумақ өздігінен сөнгендігі анықталды.

Жануды жоюға Атырау облысы ТЖД, Құрманғазы орманшылығынан барлығы 37 адам, 1 техника, 4 мотопомпа, 3 моторлы қайық жұмылдырылды.

Жануды сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кету керек, жердің сулы-батпақты болуы, жолдардың болмауы жануды сөндіруге қиындық тудырып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: тағы бір пирамиданың басшысына қатысты тергеу басталды

admin

«Цифрлық теңгемен пайда табасыз»: Ұлттық банк алаяқтар туралы ескертті

admin

Стартовал турнир по боксу памяти Сейлхана Саттарханулы

admin