The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шри-Ланкада 16 жастағы қазақстандық қайтыс болды

 Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, 10 наурыз күні Үндістандағы Қазақстан елшілігіне Қазақстан азаматтары хабарласқан.

16 жастағы кәмелетке толмаған ұлы Шри-Ланканың бір ауруханасында жатыр деген ақпарат келіп түсті. Жасөспірім 5 наурыз күні серфингпен айналысып жүріп суға батып кеткен. 

Жансақтау бөлімінде 5 күн жатты. Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасады. Өкінішке қарай құтқару мүмкін болмады. Қазір біздің консул баланың ата-анасымен байланыста. Барлық құжаттар рәсмделіп жатыр. Денені Қазақстанға жеткізу үшін арнайы әуекомпаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр, — деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, қайтыс болған Қазақстан азаматы 2-3 жылдан бері Шри-Ланкада тұрады.

Ұқсас жаңалықтар

«Қоян аулау небәрі 177 теңге». Депутат аңшылыққа төлейтін салықты өсіруді ұсынды

admin

Еуразиялық автотасымалға ортақ талаптар енгізіледі

admin

Конституциялық комиссияда жаңа Ата заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды

admin