The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Мереке күндері полицейлер күшейтілген режимде қызмет етіп жатыр

 Мереке күндері полицейлер күшейтілген режимде қызмет етіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдай отырып, өңір тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын күшейтілген режимде қорғауда. Автопатрульдер мен полицияның кешенді күштерінің жаяу жасақтары жаппай мереке тойлау орындарына жақын орналасқан.

Кезекші бөлімдер күшейтілген режимде жұмыс істейді; бейнебақылау камераларының көмегімен жедел басқару орталығының инспекторлары нарядтардың қозғалысын бақылап, полицейлерді олардың көмегін қажет ететін жерге жібереді.

Облыс орталығында “102” арнасына шулы көршілер, тұрақ ережелерін бұзу, сондай-ақ демалушы адамдар арасында қарт адам немесе бала жоғалғаны туралы қоңыраулар келіп түсуде. Полиция әрбір шақыруға жедел қызмет көрсетеді; барлық жағдайда адамдар бір сағаттан аз уақытта аман-есен табылып жатады. Жалпы, облыста мереке күндері тұрақты өтіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында кәсіпкерлерге 90 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілді

admin

ТҮРКІСТАН: аудандардағы индустриалды аймақтарда бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

admin

Зағип және көру қабілеті нашар жандардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктері кеңейеді

admin