The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСпорт

Сарыағаштық каратэші ел чемпионы атанды

Щучинск қаласында 29-31 наурыз аралығында  каратэден (WKF) жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының  чемпионаты өтті. Жарысқа 3 қала, 14 облыстан 450 спортшы қатысып, бақ сынады. Түркістан облысынан 8 спортшы бақ сынап, олжалы оралды. 

Солардың бірі  Сарыағаштық жас каратэші — Әлия Альайдар. 12-13 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 47 келі салмақ дәрежесінде белдескен бұрымды республикалық бәсі биік додада жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тақты. 

  Әлия Альайдар Түркістан облысының №2 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті. Жаттықтырушысы  — Ерболат Әкімбай. 

 Айта кетейік, Әлия кәсіби спорттан Қырғызстан Республикасында өткен Азия чемпионатының 1-орын иегері. 

Жас спортшыны жеңісімен құттықтап, толағай жетістік тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Давоста бірқатар кездесу өткізді

admin

Түркістан облысында мұғалімдер жалақыларын ала алмай жүр

admin

Шымкент циркінде отбасылы иллюзионистер өнер көрсетеді

admin