The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Мемлекет басшысы төрт облыстың әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті.

Аталған облыстардың әкімдері Президентке өңірлердегі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.

Аймақ басшыларының айтуынша, жалпы жағдай жіті бақылауда, табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті.

Президенттің тапсырмасымен Республикалық штабқа жетекшілік ететін Премьер-министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет мүшелері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілген болатын.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың керек-жарағын шешу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. 

Ұқсас жаңалықтар

Оңалту орталығы ерекше балаларды қоғамға бейімдейді

admin

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

admin

Түркістан боксшылары «ELORDA CUP» турнирінен үш алтын медальмен оралды

admin