The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Су тасқыны. Атырауда жоғалған ер адам дронның көмегімен табылды

Атырау облысында полицейлер жоғалған ер адамды дронның көмегімен тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Жылыой ауданының полициясына 49 жастағы ер адамның Қарағай ауылынан Құлсарыға қайықпен шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат келіп түсті. 

Бүгін таңертең Қарағай елді мекенінен 10 шақырым жерде су тасқынынан пайда болған аралдан полиция қызметкерлері дронның көмегімен 49 жастағы ер адамды тапты. Ер адамның жағдайы тұрақты, туыстарының жанында, — делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Түлкібаста жеке кәсіпкерлер есебінен соғылған спорттық нысандар қатары артып келеді

admin

Көшпенділер ойындары: Түркістан облысының бір ауданының 5 жігіті аударыспақтан чемпион атанды

admin

Созақ ауданы: алғашқы қоңырау соғылды

admin