The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Ел бойынша 6 мыңға жуық тұрғын үй су астында қалып отыр

 Қостанай облысының тұрғын үйлерінен су бағыты толықтай бұрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай және Арқалық қалалары мен 7 ауданның 1 415 тұрғыны өз үйлеріне оралды. Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп осындай деректерді келтірді.

Осы  сағатта 4 536 тұрғын үй мен 2 767 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. Жалпы республика бойынша 21 944 адам өз үйлеріне оралды. 8 778 адам, оның ішінде 3 810 бала эвакуациялау пункттерінде.

11,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,7 млн артық қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 860 жеке тұрғын үй, 1 061 аула аумағы су астында қалуда, — деді спикер.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте жыл басынан бері 12,8 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген

admin

ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданының 60 жылдығына арналған семинар-мәжіліс өтті

admin

Келесте білім күніне орай 300 орындық қосымша мектеп ғимараты пайдалануға берілді

admin